Арнайы операция: шетелдіктер жерлесін кепілдікке алып, ақша талап еткен

Арнайы операция Алматы қаласында болды

Тәжікстан азаматтары өз жерлестерін ұрлап, ақша талап еткен. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстанның 32 жастағы М.есімді азаматының жоғалып кеткені туралы полицияға жерлесі арызданған. Ер адамның айтуынша, М.есімді азамат 13 тамызда досымен кездесуге кетіп, қайтып оралмаған.

«Жедел тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК-нің 125-бабы (Адамды ұрлау) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ең алдымен, М. есімді азаматты ұрлап кеткендігін, содан кейін біз оны қай жерде қамауда ұстағанын білдік. Жалға алынған пәтер Алматының Медеу ауданында орналасқан. Полиция арнайы жасақтарының көмегімен арнайы іс-шара жүргізілді. 20 мың доллар көлемінде өтемақы талап ету үшін отандасын ұрлап кеткен Тәжікстанның алты азаматы ұсталды. Олар оны ұрып-соғып, бүкіл процесті видеоға түсірген», – дейді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13