Алматыда кезінде Берлинге дейін жеткен 98 жастағы ардагер тұрады

Мамыр мерекелері қарсаңында курсанттар соғыс жеңімпазын құттықтады

Аян Кайырбаев

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының екінші курс курсанттары мен әскери оркестрінің жеке құрамы екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Көлбай Анафияевті мамыр мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ақсақал болашақ офицерлердің келгеніне қатты қуанды. Ал ардагерге  курсанттар әскери оркестрдің сүйемелдеуімен «Жеңіс күні» әнін орындады. Майдангерге қару-жарақпен дефиле көрсетіліп, салтанатты маршпен өтті. 

Курсанттар ардагерге тәуелсіз және көпұлтты елімізде осындай тату-тәтті өмір сүру мүмкіндігі үшін шынайы алғыстарын білдіріп, зор денсаулық тілеп, сыйлық табыс етті. 

Көлбай Анафияев 1926 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы Сұрат ауылында дүниеге келген. 1944 жылы майданған аттанып, 2-ші Беларусь шайқасына қатысып, Берлинге жетті. Соғыстан кейін Брест бекінісін қалпына келтіруге қатысты. Туған жеріне 1949 жылы ғана оралды. 

Отанына оралып, жоғары білім алды, бригадир, агроном болып жұмыс істеді, совхоз директоры да болды, кейін зейнетке шықты. Ақсақал жұбайымен бірге 4 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ол 25 немере мен 36 шөбере сүйіп отыр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18