Сырский: «Майдандағы жағдай қиындап барады»

Украина Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Сырский майдандағы қиын жағдай ушығып бара жатқанын айтты

Админ

Украина Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский Батыс әріптестерін майдандағы қиын операциялық-стратегиялық жағдай туралы хабардар етті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Рамштайн форматындағы Украина бойынша байланыс тобының кезекті отырысында ол «зымырандарға, оқ-дәрілерге, қару-жараққа, әскери техникаға шұғыл қажеттілік бар екенін және оларды дер кезінде алудың басты рөлі туралы» айтты.

Украинаның DeepState мониторинг жобасы Ресей әскері Харьков облысының Купянск ауданындағы Кисловка ауылындағы қорғанысты бұзып өте алғанын хабарлады.

Сонымен бірге Ресей Донецк аймағындағы белсенді шабуылын жалғастырып жатыр. Ол жақта да аптаның басында ресейлік әскер майданды бұзып өтті.

DeepState мәліметінше, Ресей әскері Очеретиноның оңтүстігіндегі Соловьево және Семеновка ауылдарын басып алды. Украина қарулы күштері бұл ақпаратты ресми растамады.

АҚШ-тың Соғысты зерттеу институты (ISW) бұған дейін ескерткендей, Ресей күштері американдық әскери көмек келгенге дейін Украинаның осалдығын пайдалану үшін алдағы апталарда шабуыл операцияларын күшейтуі мүмкін.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18