Еліміздегі су қоймалары 100%-ға толып тұр

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы

Админ

Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан судың асу биіктігі 348 сантиметр.

Осы сағатқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1284 см, бір тәулікте 28 см төмендеді.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 81%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 67%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты табиғатты қорғау мақсатында су жіберіліп жатыр. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 85%. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 899 см.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы. Жағдай тұрақты.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасады, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18