Әскери инженерлер гуманитарлық көмекті паром өткелімен жеткізіп жатыр

Елді мекенге төрт түлік малға 25 тоннадан аса жем, 4 тонна гуманитарлық жүк және ТЖМ екі техникасы тасымалданды

Админ

Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригаданың әскери қызметшілері су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына көмек көрсету жөнінде кешенді міндеттерді орындауға кірісті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Су тасқыны салдарынан жол қатынасынсыз қалған Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына паром өткелімен гуманитарлық көмек жеткізілді.

Қазіргі уақытта елді мекенге төрт түлік малға 25 тоннадан аса жем, 4 тонна гуманитарлық жүк және ТЖМ екі техникасы тасымалданды. 

Понтон-көпір жиынтықтарының көмегімен елді мекендерді электрмен және сумен жабдықтауды қалпына келтіруге байланысты мәселелер де шешілетін болады.  

Прибрежное ауылына гуманитарлық жүк жеткізілді. Қажет болған жағдайда жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялаймыз, жануарларды, автомобильдерді тасымалдаймыз. Халықты жарықпен және ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған күш-құралдарымыз «Қызылжар су» сумен жабдықтау компаниясының және «Севказэнерго» АҚ мамандарына да кәдеге жарауда, – деді 58012 әскери бөлімінің командирі подполковник Төлеген Назаров. 

Понтон-көпір паркінің элементтерін және суда жүзетін транспортерді инженерлік-саперлік бригаданың 12 әскери қызметшісі басқарады. 

Халықты эвакуациялау, гуманитарлық көмекті жеткізу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында Қонаев қаласынан Солтүстік Қазақстан облысына понтон-көпір паркінің қосымша күш-құралдары келе жатыр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18