Өскеменде теракт туралы жалған хабарлама берген ер адам жауапқа тартылды

Ол мас күйінде әзілдемек болған

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға терракт жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, белгісіз ер адам тәртіп сақшыларына қоңырау шалған. Өз сөзінде ол Өскемен қаласында терракт дайындалып жатқаны туралы жеткізген.

«Полицейлер дереу сол жерге барған. Алайда тексеруден кейін бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Орынсыз әзілдеген мас күйдегі 51 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - делінген ақпаратта.

Мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ер адамға 30 АЕК мөлшерінде (110 760 теңге) айыппұл салынды.

Осы ретте, ведомство өкілдері қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, ол бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13