Астанадағы «Еуразия» сауда орталығында өрт шықты

Бірінші қабатта 20 шаршы метр алаңда заттар өртенді

Астанадағы «Еуразия» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«9 тамызда, сағат 15.57-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері «Еуразия» сауда орталығындағы өрт бойынша шақыртуға шықты.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін бірінші қабатта 20 шаршы метр алаңда заттар мен бутик қабырғасының қаптамасы өртеніп жатқанын анықтады», - делінген мәліметте.

Жалын сағат 16.11-де оқшауландырылып, сағат 16.33-те толығымен жойылды.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 68 адамы және 14 техникасы жұмылдырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13