Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 7 адам қаза тапты

Олардың арасында 1 саясаткер бар

Пәкістанның Белуджистан уәлаятының Кеч аймағында азаматтық көлік өтіп бара жатқан кезде жол жиегіне орнатылған қашықтан басқарылатын бомба жарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі TRT ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Лаңкестік шабуылдан 7 адам қаза тапты. Олардың арасында Белуджистан Халық Партиясының  саясаткері Исхак Якуб та бар.

Шабуылды әзірге ешкім мойындамаған.

Бұған дейін Солтүстік Везиристан аймағында таңғы уақытта жасалған бомбалы шабуылдан екі бейбіт тұрғын, яғни ерлі-зайыптылар қаза тапқан болатын.

TRT дерегінше, соңғы айларда елде, әсіресе Хайбер-Пахтунхва және Белуджистан уәлаяттарында лаңкестік әрекеттер көбейген.

Исламабад бұл шабуылдарды Ауғанстанда орналасқан Пәкістан Талибанының ісі деп болжамдады. Алайда Ауғанстан бұл ақпаратты жоққа шығарды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13