Алматы облысында ер адам өткелден құлап, көз жұмды

Көпірдің арнайы жақтауы немесе ұстайтын қоршауы жоқ

Алматы облысы Бөлек ауылында төрт баланың әкесі биіктен құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға ел арасында «қыл көпір» атанып кеткен Есік қаласы маңындағы Үлкен Алматы каналын кесіп өту кезінде болды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

10 метр биіктікте тұрған көпірдің арнайы жақтауы немесе ұстайтын қоршауы жоқ. Бұл қауіпті өткелден күніне жүздеген адам өтеді.

Ал күні кеше дүкенге шығып, қайта үйіне оралмаған отағасы осы маңнан жұлыны үзіліп, басы жарылған өлі күйінде табылған. Аталған канал маңындағы халық, тағы да «адам шығыны болмасын» деп әкімдік өкілдеріне талап қойды.

Есі кеткен ел «келесі кім?» деп дабыл қағып отыр. Бұған дейін талай адам суға кетіп, денесін әзер тауыпты. Ал Есік қаласына екі аттам жерде тұрса да, ауыл статусын ала алмай жүрген ел «өркениеттен жұрдаймыз» дейді.

__Последние новости

  • БАСТЫ НАЗАРДА

21 ҚАҢТАР – ҚР ҚК ИНЖЕНЕРЛІК ӘСКЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін, 12:54
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯДАҒЫ АҒАЙЫНДЫ САРБАЗДАР

Кеше, 16:25
  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21