Тайвань дабыл қақты: Қытайдың әскери кемелері мен ұшақтары жақындағанын мәлімдеді

12 ұшақ Тайвань бұғазының ортаңғы сызығын кесіп өтті

Ұлас Үсенбай

Тайвань Қарулы күштері өткен тәулікте Қытай армиясының жеті кемесі мен 24 ұшағы  жақындағанын мәлімдеді. Бұл туралы Тайвань Қорғаныс министрлігі ресми сайтында жариялады деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 12 ұшақ Тайвань бұғазының ортаңғы сызығын кесіп өтті немесе аралдың оңтүстік-батысындағы Тайвань әуе қорғанысын анықтау аймағына кірді. Бұлардың ішінде 10 истребитель, электронды соғыс ұшағы және алыс радиолокациялық анықтау және басқару ұшағы бар. Бұған жауап ретінде Тайвань тарапынан әуе нысандарын бақылайтын авиация, кемелер, сондай-ақ жердегі зениттік зымыран кешендері тартылды.

Бұған дейін Қытайда ел армиясының Тайваньға шабуыл жасау қабілеті туралы «Арманға ұмтылу» атты деректі фильм шыққандығы туралы хабарланған болатын. Деректі фильм сегіз бөлімнен тұрады. Ол Қытайдың Халықтық-азаттық армиясының құрылуының 96 жылдығына орайластырылып түсірілген. Онда әскери жаттығулар туралы, сонымен қатар ондаған сарбаздардың Тайваньға шабуыл жасауға дайын екендігі туралы мәлімдемелері келтірілген.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13