Пойыздағы бала өлімі: арнайы комиссия құрылады

Балалардың бірі пойыз жүргеннен кейін 1,5 сағат соң өзін нашар сезінген

«Атырау-Астрахань» пойызымен лагерьге бара жатқан баланың қайтыс болуына байланысты арнайы комиссия құрылады. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Белгілі болғандай 77 адамнан тұратын топ, оның ішінде 4 тәлімгер, 73 бала «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызбен жолға шыққан. Балалар Ресей Федерациясы Железноводск қаласының маңындағы «Қазақстан геологі» санаторийіне бара жатқан.

«Балалардың бірі пойыз жүргеннен кейін 1,5 сағат соң өзін нашар сезінген. Пойыз жолсеріктері жедел жәрдем шақырған. Исатай ауданындағы «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем бригадасы баланың қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты Атырау облыстық білім беру басқармасы құзырлы органдармен бірлесіп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын тексеру үшін комиссия құрды. Пойызда жолаушылар өздер алған тамақты ішкенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық білім беру басқармасы қайтыс болған баланың отбасына қажетті көмекті көрсетуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болғаны хабарланған еді. «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі бүгін, 7 тамызда Атырау облысы аумағында «Атырау-Астрахань» пойызында болған оқиғаны растады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13