ШҚО-да 10-нан аса ауылды сел басуы мүмкін

Мұнда қауіп төндіретін 144 мұздақ көл бар

Су басу қаупі Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандарында және Риддер қаласында байқалады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Massaget.kz.

Аталған аудандар аумағындағы тау басында 13 ауылға қауіп төндіретін 144 мұздақ көл бар. Бұдан бөлек, аймақтағы 9 сырғыма жүру учаскесі тиісті мамандар бақылауында.

«Негізінен, автомобиль жолдары маңындағы тау етегі, Риддер қаласына қарасты Уба, Громотуха, Алтай ауданындағы Бұқтырма, Хамир, Черновая, Катонқарағай ауданындағы Бұқтырма және Зайсандағы Кендірлік өзен бассейні қауіпті», - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Өскемен мен Катонқарағай екі ортасында күнделікті қатынайтын Дамир Сейтқановтың сөзінше, қалың жаңбырдан соң Тереңсай асуы маңынан аққан сел тасжолды шайып кетіп жатады. Тау етегіндегі бірнеше ауылға да қауіп төндіретін көрінеді.

Бұл ретте құтқарушылар сел жүруін ескертіп, тыйым салатын белгілер орнатып, жергілікті тұрғындарға, үйі апатты жерде орналасқандарға, әкімдіктерге 92 нұсқаулық таратқан.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13