Қазақстанда «әскери істе дирижерлық ету» мамандығы бойынша офицерлер оқытылатын болды

Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орны мен Құрманғазы атындағы консерватория әскери дирижерлерді дайындайтын болады

Админ

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты «әскери істе дирижерлық ету» мамандығы бойынша офицер кадрларды дайындайтын болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығармашылық мамандықты оқыту Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының базасында өтпек.

Бұл екі жоғары оқу орны арасындағы келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. Меморандумға оқу орындарының басшылары полковник Қайрат Даутов пен Нұркен Әшіров қол қойды.

Осы уақытқа дейін жоғары оқу орнының мамандары «әскери дирижер үшін біліктілік талаптарына сәйкес өзгерістермен дирижерлеу (үрмелі оркестрмен)» білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарын жасауға жұмыс жүргізді.

Төрт жылдық оқудың артықшылығы бакалавр академиялық дәрежесін бере отырып, әскери және азаматтық жоғары оқу орындарын бітіргені жөніндегі екі диплом алу болып отыр.

Бұл еңбек нарығындағы бірегей және бәсекеге қабілетті ұсыныс. Өйткені біздің түлектердің әскери және музыкалық мамандығы болады, – деп түсіндірді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Даутов.

Оқу кезеңінде курсанттар толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Оқуды аяқтаған соң барлық түлектерге жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі.

Бұған дейін қазақстандық курсанттар Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери университетінде үрмелі аспаптар оркестрінің дирижеры мамандығы бойынша білім алатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13