Қарулы күштер сапында 25 әйел полковник шенінде қызмет етеді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мерекеге орай тілегін жеткізді

Админ

Қорғаныс министрінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрметті арулар, аяулы нәзік жанды әскери қызметшілер!

8 наурыз – шуақты көктемнің мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Аяулы аналардың нәзік жүрегі сүйген жарына, перзентіне, туған жері мен Отанына деген махаббатқа толы. Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес. 

Еліміздің Қарулы күштерінде адамзаттың нәзік те сымбатты өкілдерінің алатын орны ерекше. Өз тағдырын армиямен байланыстырған әйелдер ер азаматтармен бірге әскери қызметтің барлық ауыртпалығын бөлісіп, Қазақстан Республикасының игілігі үшін өлшеусіз тер төгіп келеді. Олардың адал еңбегі мен әскери қызметте жеткен жетістіктері кез келген жоғары бағаға лайық.

Бүгінде Қарулы күштер қатарында 7 мыңға жуық әйел әскери қызметте. Оның ішінде 834 офицер, 6 мыңнан аса келісімшарт бойынша әскери қызметші бар. 25 әйел полковник шеніне ие. 11 әйел басшылық қызмет атқарады. Мемлекеттік наградалармен марапатталған 55 әйел – әскеріміздің мақтанышы.

Жаны нәзік болса да, күш-жігері мықты әскери қызметші әйелдер қызметтік міндеттерін зор жауапкершілікпен атқарып келеді. Әйел заты бар ұжымда әрқашан ұйымшылдық, өзара құрмет, ілтипат ұялаған.

Бүгінгі көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнінде әйел-аналарға, қыз-келіншектерге шын жүректен риясыз ризашылығымды білдіргім келеді. Баршаңызға мол бақыт, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13