Германия канцлері Украинаға Taurus зымырандарын беруден бас тартты

Taurus зымырандары 500 шақырымға дейін ұшады

Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Taurus зымырандарын беруден бас тартты. Себебі, ГФР бұл қаруды бақылауда ұстауы керек. Ал бұл Украина аумағына Германия солдаттары кірген жағдайда ғана мүмкін болады, деді канцлер. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өте алыс қашықтыққа ұшатын қару жүйесін жеткізу және оны басқару туралы ойламау – дұрыс емес. Оны бақылауға алу Германия әскерінің көмегімен ғана мүмкін болады. Сондықтан бұл мүмкін емес», — деді Шольц.

Өткен аптада Германия канцлері Taurus зымырандарының Украинаға жіберілуіне тағы да қарсылық білдірген. Оның айтуынша, бұл Германия Ресеймен соғысатын тағы бір тарап болады дегенді білдіреді.

«Германия Украинаға 500 км қашықтыққа ұшатын қару бере алмайды, егер ол дұрыс пайдаланылмаса, Мәскеуге жетуі мүмкін», - деді Олаф Шольц.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18