Универсиада: Милад Карими спорттық гимнастикадан чемпион атанды

Жарыс Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатыр

Админ

ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстандық атлет кермедегі сайыстың финалдық сатысында 1-орын алды. Көрсеткіші - 14,800. Екінші орынды қытайлық Ши Сун (14,600) алса, үшінші орынға жапниялық Сугимото Каито (14,233) жайғасты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен 2-орын алған болатын.

Тағы бір күміс медальге ат үстіндегі сайыста Нариман Құрбанов қол жеткізді. Көрсеткіші - 15.266 балл.

Айта кетсек, бұдан бұрын алтын медальге ел құрамасынан таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) ие болған еді.

Қазірге дейін қазақстандық спортшылар универсиадада 19 медальге ие болды. Оның ішінде екеуі алтын, жетеуі күміс, оны қола.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13