Абай облысындағы өрт: зардап шеккендерге 500 мың теңгеден көмек көрсетілді

«Мектепке жол» республикалық акция аясында 450 мың мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетілген

Абай облысындағы Семей орманы өрті салдарынан зардап шеккен және қайтыс болған қызметкерлер отбасының балаларының мектепке дайындығын қамту мақсатында 500 мың теңдеген қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен отбасылардың мектеп жасындағы балаларына қаржылай көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, бүгінде Абай облысында орман өртінен қаза тапқандардың балаларына 500 мың теңге көлемінде материалдық жәрдем көрсетілді», - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-министр қорға түскен қаржының тиімді жұмсалу барысы қатаң бақылауға алынатыны туралы айтты.

«Қазіргі таңда біздің министрлік жалпыға бірдей білім беру қорының қаражатын бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету және қаражаттың біркелкі жұмсалмау мәселесін шешуде. Біз бөлінген қаражаттың жұмсалуына бақылау бойынша әрекеттер жасаудамыз», - дейді ол.

Осыған дейін «Мектепке жол» республикалық акция аясында 450 мың мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетілгені туралы хабарлаған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13