Ақмола мен Атырау облыстарында өрттен екі адам қаза болды

Екі өңірде де өрт тұрғын үйде болған ув

Ақмола мен Атырау облыстарында болған өрттерден 2 адам қаза болды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәлімет бойынша, 19 ақпанда Атырау қаласының «Жерұйық» шағын ауданындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде 25 шаршы метр аумақта өрт болды. Өрт сөндірушілер барлау жұмысы кезінде 1954 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің басқа бөлмелерге таралуының алдын алды.

Сондай-ақ 19 ақпанда Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында екі пәтерлі жер үйдің пәтерінде 80 шаршы метр аумақта өрт болды. Өрт орнында үйінділерді тазалау кезінде 1970 жылғы азаматтың мәйіті табылды.

«Өрттердің шығу себептері анықталуда. ТЖМ азаматтарды жылыту маусымында тұрғын үйлер мен күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!» – делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13