Павлодар облысында 100 келіге жуық есірткі өндірген зертхана жойылды

Цех 0.5 гектар аумақты алатын жерде орналасқан

2023 жылғы 30 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.

«Тінту барысында 100 келіге жуық «а-PVP» психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленді. Цех 0.5 гектар аумақты алатын жерде орналасқан.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13