Нигер еліндегі төңкеріс: Америкалық әскерилерге базадан шықпау жөнінде бұйрық берілді

Америка әскерилерінің Нигерде орналасқанына шамамен 10 жыл болған

Нұрдәулет Кәкіш

Нигердегі АҚШ әскери күштері ел билігі ауысқаннан кейін Агадес қаласының маңындағы базадан кетпеу туралы бұйрық алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

«Өткен аптада АҚШ-тың мыңға жуық әскери қызметкері базаға қайтарылды. Америка Құрама Штаттары қазіргі жағдайды мемлекеттік төңкеріс ретінде бағалап, ресми шешім қабылдаған жоқ», - делінген АҚШ Қарулы күштерінің телеарнасы таратқан ақпаратта.

CNN мәліметінше, АҚШ Нигер Үкіметіне экономикалық және әскери көмекті қысқарту қажеттілігін тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

«Бұл терроризммен күресу және аймақтағы тұрақтылықты сақтау аясында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», - деді CNN-ге сұхбат берген АҚШ Қарулы күштерінің өкілі.

Америка әскерилерінің Нигерде орналасқанына шамамен 10 жыл болған. Телеарна олардың негізінен терроризммен күресетін күштерге кеңес беріп, оқытатынын жеткізді.

26 шілдеде Нигер президенттік гвардиясының кейбір қызметкерлері ел президенті Мұхамед Базумға қарсы шығып, оны биліктен ығыстырған болатын. Қазіргі уақытта президенттің қайда екені белгісіз. Сондай-ақ елдің премьер-министрінің міндетін атқарған Хассуми Массуда да қамауға алынған.

Осыдан кейін Нигер Қарулы күштерінің бас штабы әскери қолбасшылық президенттік гвардия жауынгерлерін қолдады деп мәлімдеді. Әскерилер шетелдік күштерді Нигердегі жағдайға араласпауға шақырды.

Армия генералы Абдурахман Тчиани елдің жаңа көшбасшысы деп жарияланды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13