Хуситтер жіберген зымыран Ресей мұнайы бар танкерге тиді

Аден шығанағындағы Marlin Luanda танкеріне зымыран тиді

Админ

Йемендік хусит қозғалысы кемені атқылағанын растады. Танкер операторының айтуынша, шабуыл нәтижесінде кемеде өрт шыққан, деп хабарлайды Sarbaz.kz bcc сайтына сілтеме жасап. 

Британдық танкер операторы Trafigura компаниясы зымыран соққысынан кеменің жүк қоймаларының бірінде өрт басталғанын және оны оқшаулау үшін өртке қарсы жабдық қолданылғанын хабарлады.

Bloomberg мәліметінше, ресейлік отынды тасымалдайтын танкерге жасалған бұл шабуыл – йемендік хуситтердің мұнай құятын кемелерге жасаған ең үлкен шабуылы.

Reuters агенттігінің ақпаратынша, танкер лигроин немесе нафтаны, яғни Ресейден шыққан ауыр көмірсутектердің бензиннен ауыр қоспасын тасымалдап бара жатқан.

Marlin Luanda танкері Маршалл аралдарының туымен жүреді. АҚШ шенеуніктері кемеге қарсы баллистикалық зымыран қолданылғанын айтты.

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, зардап шеккендер жоқ және танкерге АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемесі көмек көрсетті.

Оқиғадан шамамен 8 сағаттан өткеннен кейін америкалық әскерилер хуситтердің Қызыл теңізге бағытталып, ұшуға дайын тұрған кемеге қарсы зымыранын жойды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13