Таиландта пиротехника қоймасы жарылды

Жарылыстан 9 адам қаза болып, 115-і жарақаттанды

Админ

Таиландта пиротехника сақталатын қоймада қуатты жарылыс болып, 9 адам көз жұмды, оның ішінде 3 бала бар, деп хабарлайды Sarbaz.kz агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан жергілікті 115 тұрғын ауыр жарақаттар алды. 

Оқиға Малайзиямен шекараға жақын орналасқан Сунгайколок қаласында болды.

Жергілікті билік болжамынша, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі қателіктен болған.

Фейерверктер қоймасының ғимараты түгел жанып кеткен.

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, ол Наратхиват провинциясында орналасқан шағын қаланың айтарлықтай бөлігін қиратты. Дүмпу толқынынан көптеген үйдің терезесі мен шатыры бүлінді.

Айта кетейік, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде пиротехникаларға қатысты оқиғалар жиі болып тұрады. Себебі бұл өңірде фейерверктер түрлі мерекелерде көптеп қолданылады.

Алты жыл бұрын Индонезиядағы пиротехника фабрикасында болған оқиғадан 49 адам көз жұмған еді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13