Қорғаныс министрі сержанттың 10 баласына тосынсый жасады

Аяз ата мен Ақшақар да үлкен шаңыраққа мерекелік көңіл-күй сыйлады

Админ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев мереке қарсаңында Қызылордадағы 35748 әскери бөлімінің бөлімше командирі 3-сыныпты сержант Алмас Шұңғыловтың балаларына Қорғаныс министрінің жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балаларға арналған спорттық костюмдер мен аяқ киімдерді, планшет пен сурет салуға арналған керек-жарақтарды, ойыншықтар мен басқа да тәтті сыйлықтарды жеті ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған батыр ана Жәмилаға арнайы жолдаған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов көптеген қазақстандықтар үшін тату отбасының үлгісіне айналған көп балалы отбасына деген жылы лебізін де білдірген.

Генерал-майор Қуанышбек Үштаевпен бірге келген Аяз ата мен Ақшақар да үлкен шаңыраққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қолбасшының көп балалы отбасыға жасаған мерекелік сапары балаларға әскердің ең алдымен үлкен әрі тату отбасы екенін, сондай-ақ мұндай үлкен ұжымда ешкім де қамқорлықсыз қалмайтыны көрсетті. Жаңа жылдық тосынсыйлар мен мерекелік көңіл-күй барша отбасына қуаныш сыйлары сөзсіз.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13