Астанада 6-сыныпта оқитын оқушы таэквондодан әлем чемпионы атанды

Әлем чемпионаты Мексикада өтті

Мексиканың Мазатлан қаласында мектеп оқушылары арасында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Астанадан барған жас спортшы турнирде чемпион атанды. Бұл туралы Sarbaz.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Турнир маусым айының соңында өтті, оған әлемнің 14 елінен келген оқушылар қатысты.

Қазақстан құрама командасына «King Club Astana» және «Legion» отандық таеквондо клубтарының үздік өкілдері кірді.

Жарыстың бірінші күні Астана қаласының «Нұр-Орда» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Аятжан Әмірханов (жаттықтырушылары – Арал Садықов, Динара Қабдулова) 12 жасқа дейінгі топта 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағына ие болды.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы Тайвань мен Бразилия құрамаларынан кейінгі үшінші командалық орынға жайғасты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13