ШЫҰ-ға мүше елдер ақпараттық қауіпсіздік мәселесін талқылады

Қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі жанындағы сараптамалық жұмыс тобының XVIII отырысы өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты. Ал Беларусьтің әскери сарапшылары бақылаушылар ретінде қатысты.

Отырыста ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрліктерінің ынтымақтастық жоспарын іске асыру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы салада кадрлар даярлау мәселелері қаралды. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің өкілі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай арасындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісімдерді іске асыру жөнінде баяндама жасады.

Еліміз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына 2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың шілдесіне дейін төрағалық ететінін айта кетелік. Жоспар бойынша кезекті отырыс Қазақстанда келесі жылдың наурыз айында өтеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13