Ақтөбеде Ұлттық ұлан әскери қалашығында демалыс орталығы салынады

Өңір әкімі екі қабатты мәдени-демалыс орталығының құрылыс барысымен танысты

Ақтөбеде Қазақстан Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6655 әскери бөліміне өңір әкімі Асхат Шахаров келді. Бұл туралы Sarbaz.kz «Батыс» РҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімі әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің зияткерлік, адамгершілік және рухани дамуы үшін әскери қалашық аумағында 350 орынға арналған жаңа екі қабатты мәдени-демалыс орталығының құрылыс барысымен танысты.

«Ғимараттың құрылысы қыркүйек айының басында басталды және пайдалануға беру 2024 жылдың күзіне жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, өңір басшысы әскери бөлімнің міндеттерімен, оқу-материалдық базасымен және бөлімшелердің тұрмыстық жағдайымен танысты. Сол сияқты әскерге шақыру бойынша әскери даярлықты, жауынгерлік қызметті және әскери қызметшілердің тұрмысын ұйымдастыруға байланысты негізгі түйткілді мәселелерді тыңдап, олардың шешімдерін іске асыруға көмектесуге уәде берді», – делінген ведомство хабарламасында.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18