Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібереді

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Жүк жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтіледі.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, осыған дейін Ауғанстандағы алапат жер сілкінісінен 2500-ге жуық адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18