Биыл Астанада көлік апатынан 7 адам көз жұмды

122 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 122 адам зардап шеккен

Жыл басынан бері елорда аумағында 122 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 122 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының негізгі себептерінің бірі – жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесі талаптарын бұзуы. Бұл ретте Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері «Royal Driving» автомектебімен бірлесіп, «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде рейд ұйымдастырды. Мұндай рейд қала көшелерінде жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында жыл басынан бері апта сайын жүргізіліп келеді.

«Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу шеңберінде Астана қаласы ПД жеке құрамы жыл басынан бері барлығы 16 914 бұзушылық анықтады» делінген ақпаратта.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша (жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жүріп-тұру ережелерін бұзу) 6 498 құқық бұзушы анықталған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18