ҰҚК Астана әуежайында екі адам ұстады

Админ

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

2023 жылғы 7 қазанда Астана қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері прокуратура және әуежайды тексеру қызметімен бірлесіп, декларацияланбаған коллекциялық монеталарды алып жүрді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын ұстады.

Алдын ала деректер бойынша номиналы 100 және 50 мың теңге, сондай-ақ салмағы 2 және 1 кг монеталар тиісінше 999 сынамалы алтыннан жасалған.

Тәркіленген заттың алдын ала кедендік құны шамамен 85 млн теңгені құрайды.

Құқық бұзушылар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18