Елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Админ

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі 7 қазанда Израильдегі ахуалға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мәлімдемеде сенім телефондары нөмірлерінің тізімі жарияланды. Елшіліктің ресми сайтына жарияланған мәлімдемесінде қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керектігі айтылған.

"Қауіпсіздік жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Израильдегі Елшілігі барша (әсіресе, елдің оңтүстігіндегі) қазақстандық азаматтарды Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіз жерлерде отырып, ресми билік хабарлағанға дейін сонда қалуға қатаң кеңес береді", – деп жазды Қазақстанның Израильдегі елшілігі.

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің шұғыл байланыс телефондары: +972 (3) 741 78 05 (кезекші), +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp), +7 700 111 31 96 (whatsapp).

Бұған дейін Air Astana Тель-Авивте жүрген әуекомпания қызметкерлерін қоса алғанда, қазақстандықтардың елге аман-есен оралуын ұйымдастыру үшін қажетті шараларды жасап жатқанын хабарлады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18