Таулы Қарабақтан Арменияға 85 мыңға жуық адам көшірілді

Алдын ала белгіленген тұрғылықты жері жоқ азаматтарды Армения үкіметі тұрғын үймен қамтамасыз етеді вы

Нұрдәулет Кәкіш

Армения үкіметі Таулы Қарабақтан 85 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Бұл туралы Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Бағдасарян мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазіргі уақытта Таулы Қарабақтан Арменияға күштеп қоныс аударған 84 770 адам кірді», - деп жазды Назели Бағдасарян әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ресми мәліметтер бойынша, Таулы Қарабақты 120 мыңға жуық армян мекен еткен.

Корнидзор елдімекенінде Армения мен Таулы Қарабақты байланыстыратын Лачинский дәлізінің жанында гуманитарлық орталық құрылған. Алдын ала белгіленген тұрғылықты жері жоқ азаматтарды Армения үкіметі тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейсенбідегі Үкімет отырысында:

«Әзербайжанның этникалық тазарту саясатының нәтижесінде армяндардың Таулы Қарабақтан кетуі әлі де жалғасуда. Жағдайды талдау көрсеткендей, алдағы күндері Таулы Қарабақта армяндар қалмайды. Бұл – этникалық тазарту әрекеті», - деді Пашинян.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13