Өзбекстанда қоймалардың бірінде жойқын жарылыс болды

Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз

Ташкенттегі қоймалардың бірінде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Sarbaz.kz Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін, 28 қыркүйекте сағат 02:43-те ТЖМ кезекші бөліміне Ташкент қаласы Сергелий ауданының «Строитель» массивінің аумағында орналасқан қоймалардың бірінде жойқын жарылыс болғаны және одан кейінгі өрт туралы хабарлама келіп түсті», - делінген басылымда.

Өрт сөндіруге 16 адам жұмылдырылды.

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер бар екенін, олар республикалық шұғыл медициналық ғылыми орталығына және оның Ташкент облысындағы филиалына жатқызылғанын айтты. Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

«Әзірге ауыр жарақат алғандар келіп түскен жоқ. Дәрігерлер зардап шеккендерге қажетті медициналық көмекті толықтай көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде жарылыс ұшақ апатынан болды деген ақпарат тарап жатыр. Алайда министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Жарылыстың себебі анықталған жоқ. Өрт әлі толығымен сөнбеді. Зардап шеккендер мен зақымданған көліктер саны анықталып жатыр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13