«Вагнерліктердің» Мали елінде апатқа ұшыраған ұшағының видеосы жарияланды

Малиге былтыр қазақстандық бітімгершілер жіберілген

Африка құрлығының батысында орналасқан Мали елінің Гао қаласындағы әуежай маңында Ресейде жасалған Ил-76 ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері қаза тапқан. Оқиғаның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқиға 23 қыркүйек, сенбі күні болған. Кейбір дереккөздің мәліметінше, ұшақта Малидың сарбаздары мен «вагнерліктер» болған.

Қазіргі таңда апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде қанша адам болғаны, олардың кім екені әлі де анықталып жатыр. Деректерге сүйенсек, ұшақ қонар кезде ауыр жүкті көтере алмай құлаған.

Айта кетсек, қазіргі таңда Малиде БҰҰ бітімгершілік миссиясы аясында қазақстандық әскерилер де жұмылдырылған. Өткен жылы Президент Жарлығына сәйкес, қазақстандық 430 бітімгерді Африканың 3-4 еліне жіберу туралы шешім шығарылып, ҚР Парламенті қос палатасының депутаттары келісім берген болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13