Ұлыбритания 2035 жылдан бастап бензин мен дизельді көліктерге тыйым салады

Бұған елдің премьер-министрі Риши Сунак пәрмен берді

Нұрдәулет Кәкіш

Ұлыбритания бензин мен дизельді қозғалтқышты жаңа автомобильдерді сатуға тыйым салуды 2035 жылға шегерді. Бұған елдің премьер-министрі Риши Сунак пәрмен берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Аutoexpress-ке сілтеме жасап.

«2035 жылға дейін бензин мен дизельмен жүретін көліктер сатылымы сақталады. Осыдан кейін де оларды қайталама нарықта сатып алуға және сатуға болады», - деп атап өтті Сунак Даунинг-стритте сөйлеген сөзінде.

Премьердің айтуынша, билік британиялықтарға зиянды шығарындыларды азайтуға байланысты қолайсыз шығындарды жүктей алмайды. Сонымен қатар 2030 жылға қарай сатылатын көліктердің көпшілігі электрлік болады.

Өзгерістерге қарамастан, британиялық автоөндірушілерге келесі жылдың қаңтарынан бастап электромобильдерді сату бойынша нормативтерді орындау қажет болады, деп жазады Financial Times ақпараттандырылған дереккөздерге сілтеме жасай отырып.

Үкімет басшысы сондай-ақ 2026 жылдан 2035 жылға дейін газдандырылмаған үйлерде қазбалы отынмен жылыту қазандықтарын орнатуға тыйым салуды енгізуді және газ қазандықтарын экологиялық таза жабдықпен ауыстыруға гранттарды 50 пайызға арттыруды жариялады. Бұл жағдайда табысы төмен отбасыларға қазандықтарды ауыстырудың қажеті жоқ.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13