Ким Чен Ын Путинмен кездесу үшін әскери шенеуніктермен бірге Ресейге келді

Ресейге сапары оның COVID-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы шетел сапары болып саналады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейге әскери шенеуніктермен бірге жеке пойызымен келді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен Шығыс экономикалық форумы өтіп жатқан Владивостокта кездеседі деп күтіліп отыр. Бұл кездесудің нақты қашан болатыны әзірге белгісіз.

Америка Құрама Штаттары Ким мен Путин бұл кездесуде Украинаға қарсы соғысып жатқан Ресей армиясына Солтүстік Кореяның оқ-дәрілерін жеткізу мәселесін талқылайды деп санайды.

Өз кезегінде Кремль келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, аймақтағы жағдай және халықаралық мәселелер талқыланатынын хабарлады. Кимнің Ресейге сапары COVID-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы шетел сапары болып саналады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13