ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің С-300 зениттік-зымырандық дивизионында егіз сарбаздар – Тұрар мен Әли Отан алдындағы қасиетті борышын абыроймен атқарып жүр. Жоғары білімді, спортты серік еткен егіздер үшін әскери қызмет – тек міндет қана емес, елге деген шынайы құрмет пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Админ

2003 жылдың 5 шілдесінде дүниеге келген Аждурлиевтер оқу орындарын тәмамдаған соң азаматтық өмірді кейінге қалдырып, бірден әскер қатарына келуді таңдаған. Бұл – олардың саналы шешімі мен отансүйгіштік ұстанымының дәлелі. Егіздің үлкені Тұрар Шымкент қаласындағы Oрталық Азия инновациялық университетін бітірген. Ол бокс және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен спорт шеберіне үміткер. Әскери қызмет барысында да Тұрар өзінің төзімділігімен, тәртіпке беріктігімен және жауынгерлік рухымен ерекшеленіп келеді. Ал егіздің сыңары Әли ауыр атлетика және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен спорт шеберіне үміткер, ауыр атлетикадан жаттықтырушы мамандығын меңгерген. Oрталық Азия инновациялық университетін түлегі ретінде ол әскери ортада да көшбасшылық қабілетімен, жауапкершілігімен көзге түсуде. Аждурлиевтер әулеті – патриоттық тәрбие мен спортты өмірлік ұстаным еткен жанұя. Егіздер – бес ағайындының үлкендері. Інілері мен қарындастарына әрдайым үлгі. Қарындастары Мадина қыздар футболынан спорт шеберіне үміткер атанып, Қазақстан спортының абыройын асқақтатып жүр. Інілері Құрал ауыр атлетикадан жоғары нәтиже көрсетсе, қарындастары Алия тоғызқұмалақтан табысты өнер көрсетуде. Әкелері  Вали Аждурлиев пен аналары Лазат Окасова – тоғызқұмалақтан жаттықтырушылар. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық спорт пен рухани құндылықтарды қатар ұстанған ата-ананың еңбегі бүгінде жемісін беруде. Ерлік пен елге адал қызмет ету – бұл әулетке тән қасиет. Егіздер «әжелерінің інісі Ауған соғысының ардагері екендігін айтып, ағатайлары олардың өмірлік бағдаршамы» дейді.

   «Сол кісінің ерлігі бізге әрдайым күш береді. Ел қорғаны болу – үлкен абырой. Сондықтан әскерге бірге баруды мақсат еттік», деді қатардағы жауынгер Тұрар Аждурлиев.

  Бүгінде Тұрар мен Әли С-300 зениттік-зымырандық дивизионында әскери қызметтің жауапты міндеттерін мінсіз орындап, ел аспанының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып келеді. Олардың өмір жолы – жастарға үлгі, Отанға адал қызмет етудің жарқын көрінісі.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13