Гаитидегі анархия: қарулы қарақшылар басып алған елде не болып жатыр?

Әуежай жұмысы тоқтатылып, елдің премьер-министрі Пуэрто-Рикода қалуға мәжбүр болды

Нұрдәулет Кәкіш

Демалыс күндері ел астанасы Порт-О-Пренстегі қақтығыстар қарқыны үдей түсті. Бастан аяққа дейін қаруланған қарақшылар Ұлттық Сарайға (президенттік резиденцияға) шабуыл жасап, тұтандырғыш қоспасы бар бөтелкелердің көмегімен Ішкі істер министрлігі ғимаратының бір бөлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін халықаралық әуежай шабуыл жасалып, жұмысы тоқтатылды. Тіпті әуежай елдің премьер-министрі Ариэль Анридің ұшағын қабылдай алмады.

Өткен аптада Үкімет басшысы отанына оралуға тырысқан. Бірақ оның ұшағына қонуға рұқсат етілмеді. Сонымен премьер-министр Пуэрто-Рикода қалуға мәжбүр болды.

Күйзелісті жағдайда тұрған мемлекеттің аумағына еніп үлгергендердің қатарында АҚШ әскери тобы болды.

Мемлекеттік департаменттің өтінішін алғаннан кейін Пентагон Гаитиде Порт-О-Пренстегі Америка елшілігінің «қауіпсіздігін күшейту» операциясын жүргізіп жатқанын, дипломатиялық миссия қызметкерлерін эвакуациялағанын хабарлады.

Көп ұзамай ЕО гуманитарлық дағдарыс жағдайындағы Гаитиден барлық дипломаттарын эвакуациялайтынын хабарлады.

Алайда жағдай қаншалықты қиын болса да, миллиондаған гаитиліктер ешқайда кете алмайды. Олар елде қалуға мәжбүр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13