Эквадор АҚШ-қа ресейлік техникасын бермейтін болды

Эквадор АҚШ-қа ресейлік техниканы жеткізу туралы шешімін өзгертті

Админ

Бұл туралы Эквадор президенті Даниэль Нобоаның осы елдегі Ресей елшісі Владимир Спринчанмен кездесуінен кейін белгілі болды, деп хабарлады РИА Новости.

Эквадор президенті Даниэль Нобоамен кездесу өтті. Елдер арасындағы соңғы күндері туындаған кейбір мәселелерге баса назар аудара отырып, қазіргі екіжақты қатынастарды жан-жақты талқыладық, - деді ол.

Спринчанның айтуынша, президент Нобоа Эквадордың бейтарап мәртебесі мен БҰҰ-ға мүшелігін ескере отырып, елді ешқандай қақтығысқа тарта алмайтынын растады.

Эквадордың ұстанымы – қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қақтығыс аймақтарына бағыттау емес, қақтығыстарды бейбіт жолмен, дипломатиялық құралдармен шешуге ықпал ету. Осы орайда Эквадор АҚШ-қа ресейлік техниканы бермейді, - деді дипломат.

Айта кетейік, бұған дейін Даниэль Нобоа оның елі Мәскеудің ұстанымына қарамастан, АҚШ-қа ескі ресейлік және украиналық техниканы беретінін айтқан болатын. Себебі АҚШ 200 миллион доллар тұратын ескі қарудың орнына жаңасына айырбастап беруі керек еді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13