Палестина премьер-министрі: Израильдің Рафах қаласына шабуыл жасауына жол бермеу керек

Палестина әлемді Израильдің Рафах қаласына шабуыл жасауына жол бермеуге шақырды

Админ

Әлемдік қауымдастық Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах провинциясына шабуыл жасауына жол бермеуі керек деп мәлімдеді Палестина премьер-министрі Мұхаммед Штайе. Бұл туралы Sarbaz.kz WAFA сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Рафах аумағына әскердің кіруі «адамдардың күштеп қоныс аударуына» және бейбіт тұрғындардың өліміне әкеледі. Рафахта 500 мыңға жуық адам тұратынын жеткізді Үкімет басшысы.

Штайе «болашақта болуы мүмкін барлық қырғын үшін толық жауапкершілік» Израильге жүктелетінін айтып, халықаралық сотты аймақтағы соғысты тоқтату үшін шаралар қабылдауға шақырды.

Ал Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әскерилер Египет шекарасындағы Рафах қаласында шайқасқа дайындалып жатқанын айтты.

Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби бұл операция «апатқа әкелетінін» мәлімдеп, Вашингтон бұл шешімді қолдамайтынын жеткізді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13