Зеленский Залужныйдан кейін Украинаның бас штаб бастығын ауыстырды

Админ

Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйды ауыстырғаннан кейін бас штаб бастығы Сергей Шапталаның жұмыстан босатылғанын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Зеленский кешкі бейне хабарламасында Сергей Шапталаның орнына жаңа басшы болып генерал-майор Анатолий Баргилевич тағайындалатынын мәлімдеді.

Кеңесе келе, біріншіден, Украина Қарулы Күштері бас штабының басшысын ауыстыруды жөн көрдік. Генерал-лейтенант Сергей Шапталға бас штабтың бастығы болып қызмет еткені үшін алғыс айтамын. Украина Қарулы күштерінің жаңа басшысы Александр Сырскийдің ұсынысы бойынша бұл қызметке генерал-майор Анатолий Баргилевич тағайындалды, — деді Зеленский.

Зеленскийдің айтуынша, жұма күні Александр Сырский өзінің орынбасарларының кандидатураларын таңдады, сондықтан ол президент ретінде тиісті Жарлықтарға да қол қояды.

Барлығы – жауынгер әрі кәсіби маман, әрқайсысы – майдан туралы және украин жауынгерлерінің қажеттіліктері туралы нақты біледі, - деп қосты Зеленский.

Айта кетейік, бұған дейін Зеленский Украинаның бас қолбасшысы Залужныйды қызметінен босатқан еді. 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13