Газа секторының оңтүстігінде қырғын шайқастар жүріп жатыр

Израиль армиясы Газа секторындағы операция кезінде бір апта ішінде «100 террорист» қаза тапты деп хабарлайды

Админ

Анклавтың оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласынан мыңдаған палестиналықтар қанды шайқастарға байланысты қашып жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап. 

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласының маңында ХАМАС террористік ұйымына қарсы қанды шайқастар жүргізуде.

Әуе шабуылы кезінді Израиль бөлімшелерінің жанына жарылғыш қондырғы салған үш палестиналық қаза тапты. Сонымен қатар армияның хабарлауынша, көптеген қарулы террорист жақын жерден өлтірілді және Израиль әскери күштерін гранатометпен атқан 7 адамдның көзі жойылды.

Соңғы аптада «100-ден аса террористтің» көзі жойылды", - деп қосты Израиль қорғаныс армиясы.

ХАМАС бақылауындағы Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, шайқастар анклавтың оңтүстігіндегі ең ірі медициналық мекемесі – Әл-амал ауруханасына жақын жерде жүріп жатыр.

Сонымен қатар ведомствоның мәліметінше, жақын жерде орналасқан «Насер» ауруханасы да оқтың астында. Алайда Израиль әскерилерінің айтуынша, олар ауруханалардың жұмысын жалғастырып жатқанына көз жеткізу үшін аурухана директорларымен және медициналық қызметкерлермен телефон арқылы байланысып отыр. Израиль ХАМАС-ты ауруханаларды әскери позиция ретінде пайдаланып отыр деп айыптайды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13