Зеленский: Ресей осындай әр соққының салдарын сезінуі керек

Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаны «Шахед» дрондарымен және үш С-300 зымыранымен шабуылдады

Админ

Зымыран түскен Покровский ауданындағы үйінділерді тазалау әлі жалғасып жатыр. Соққы салдарынан кем дегенде 11 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz euronews сайтына сілтеме жасап.

Әскери мәліметтерге сәйкес, украиналық Әуе қорғанысы күштері 28 ұшқышсыз ұшу аппараттарының 21-ін қағып түсірді. Шабуылдың негізгі бағыттары елдің оңтүстігі мен шығысы болды. Соққы салдары туралы әлі толық хабар жоқ.

Сенбіде Донецк облысының Покровский ауданында Ресейдің соққысынан кейін кем дегенде 11 адам қайтыс болды, оның 5-і бала. Қайтыс болғандар саны одан да көп болуы ықтимал, себебі үйінділерінің астында 6 адамға дейін болуы мүмкін.

Украина президенті Владимир Зеленский кешкі үндеуінде Ресей мұндай шабуылдардың әрқайсысының салдарын сезінуі керек деп мәлімдеп, мұндай соққылардың ешқайсысы салдарсыз қалмайтынын айтты. 

Айта кетейік, сенбіде Украинаның қарулы күштері (КҚК) Қырымдағы «Сақтар» аэродромына соққы берген болаты. Украинаның барлау қызметі соққыдан оқ-дәрі қоймалары мен бірнеше радиолокациялық станциялар жойылғанын айтады. Ресей тарапы соққы фактісін растаған жоқ.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13