Норвегия Украинаға қару-жарақ пен қорғаныс өнімдерін тікелей сататын болды

Елдің Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйденің айтуынша, Киевті қолдау норвегиялық және еуропалық қауіпсіздік үшін маңызды 

Админ

Норвегия үкіметі норвегиялық компанияларға 1 қаңтардан бастап Украинаға қару-жарақ пен қорғаныс өнімдерін тікелей экспорттауға рұқсат берді. Бұл туралы дүйсенбіде үкіметтің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТАСС агенттігіні сілтеме жасап.

Украинаны қолдау норвегиялық және еуропалық қауіпсіздік үшін маңызды. Осыған байланысты Үкімет Норвегия өнеркәсібінің Украинаға қару-жарақ пен қорғаныс өнімдерін тікелей сатуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады, - деді Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйде.

Норвегия тарапынан Украинаны қолдау 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: өз резервтерінен қаражат бөлу, халықаралық ынтымақтастық тетіктері мен қорлар арқылы қаражат беру, қорғаныс өнеркәсібінен көмек көрсету және украиналық әскери қызметшілерді оқыту.

Украинаға қару-жарақ жеткізу саясатының өзгеруі норвегиялық компаниялар енді Украинаға қару-жарақ пен қорғаныс өнімдерін тікелей сату үшін экспорттық лицензия алу үшін сыртқы істер министрлігіне жүгіне алатынын білдіреді.

Экспорттық лицензияларды беру кезінде Украинаның қажеттіліктеріне сүйене отырып және Норвегияның экспорттық заңнамасына сәйкес әрбір нақты жағдайға өтінімдерді мұқият тексеру жүргізіледі.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13