БҰҰ: Газа секторында 187 мыңнан астам тұрғыны үйін тастап кетті

Екі жақтан да құрбан болғандар саны 1600-ден асады

БҰҰ мәліметі бойынша Газа секторының 187 мыңнан астам тұрғыны үйін тастап кетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

BBC хабарламасына сәйкес, екі жақтан да құрбан болғандар саны 1600-ден асады.

Дүйсенбі күні кешке Хамастың Израильге жасаған шабуылынан 900-ден астам израильдік, сондай-ақ шетелдік азаматтар қаза болды.

Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кем дегенде 2 616 адам жарақат алған.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 687 палестиналық қаза тауып, тағы 3800 адам жарақат алды.

Иордан өзенінің батыс жағалауында Израиль армиясының әрекеті нәтижесінде тағы 17 палестиналық, оның ішінде төрт бала қаза тапты, 295 адам жарақат алды.

Газа секторындағы халықтың жаппай қоныс аударуы соңғы 24 сағат ішінде 187 500-ден астам адамға жетті, олардың қатары көбейеді деп күтіліп отыр.

Қарулы қақтығыс басталғаннан бері Газада төрт мектеп пен сегіз медициналық мекемеге зиян келді.

БҰҰ Газа секторындағы уақытша қоныс аударушылардың саны 2014 жылы болған 50 күндік қақтығыстан да жоғары екенін атап өтті.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13