Польша Батысты Украинаға үлкен қашықтықтағы зымырандарды беруге шақырды

Радослав Сикорский Еуропаны Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге үндеді

Ануар Маратов
03/01/2024 - 23:11

Фото: ptoday.ru

Фото: ptoday.ru

Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында Украина аумағындағы нысандарға зымыран соққыларының кезекті толқынынан кейін Батысты Ресей аумағындағы ұшыру алаңдары мен командалық орталықтарды жою үшін ұзақ қашықтықтағы зымырандарды Украина қарулы күштеріне беруге шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Біз Украинаға жасалған соңғы шабуылға Путинге түсінікті тілмен жауап беруіміз керек. Контрабандалық компоненттерден жаңа қару шығара алмайтындай етіп санкцияларды күшейтіп, Киевке ұшыру алаңдары мен командалық орталықтарды жоюға мүмкіндік беретін ұзақ қашықтықтағы зымырандар беру қажет», - деп жазды Радослав Сикорский.

Жаңа жылды Украина Ресейдің жаппай зымыран шабуылдарымен қарсы алған болатын.

 

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08